RU

Семейде келін қайын атасының жарты миллионын ұрлап әкетті

Семейде 63 жастағы зейнеткерді өз келіні тонап кетті. Әйел қарияның 500 мың теңгесін қолды қылған деп хабарлайды NUR.KZ порталы timeskz.kz сайтына сілтеме жасап.

Тонау орнына келген тергеушілер жеке үйдің есіктері мен терезесін зерттеген. Дегенмен оны ешкім бұзып кірмегенін анықтаған.

"Іздеу шаралары барысында жедел түрде ұрлыққа күдікті анықталды. Ол зейнеткердің 35 жастағы келіні болып шықты. Келіншек өз кінәсін мойындап отыр", - деп хабарлайды ШҚО Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі Азамат Раисов.

Полицейлер әйелден ұрланған ақшаны алып, иесіне қайтарған. Келін ақшаны жұмсап үлгермеген екен. Зейнеткер жақындарынан мұндай жағдайды мүлдем күтпеген. Енді опасыз келінді қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1059656-semeyde-kelin-qayyn-atasynynh-zharty-mi/