Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері

Опубликовано:

Алматы қысы
Шымбұлақтағы арқанжол. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы - Қазақстанның ең көрікті қаласы. Алатаудың баурайындағы әсем шаһар жылдың төрт мезгілінде де құлпырып, көз тартады. Таулы аймақтың өзіне тән табиғи құбылыстары да болады. Бұл жазбамызда Алматы тарихындағы ең үлкен жер сілкіністері жайлы деректерді ұсынамыз.

Мыңжылдық тарихы бар Алматы қаласындағы алғашқы жер сілкінісі қашан болды?

XIX ғасырдың аяғында Қазақстанда жаңа қала салынды. Бұл қала күннен-күнге көркейіп, тұрғындары көбейе бастады. Бұған дейін қала тұрғындары жердің тербелісін сезетін, бірақ бұл құбылыс оларды қатты алаңдата қоймаған еді.

Ғалымдардың пайымынша, Алматы қаласы орналасқан өңір - сейсмологиялық апатты аймақ. 1887 жылдың 28 мамырында сағат таңғы 4.30 шамасында Верныйда бірінші рет қатты жер сілкінісі болып, 236 адамның өмірін жалмады. Бұл оқиға екі жылдан кейін, яғни 1889 жылы тағы қайталанған. Шаһар соңғы 130 жылда ғана екі рет толықтай қирап, қайта тұрғызылған.

Одан соң 1910 жылы 22 желтоқсанында 9 баллдық жер сілкінісі болып, 44 адам қаза тапты. Ал қираған ғимараттарда есеп жоқ.

"Егер сол кездегі 9 баллдық жер сілкінісі бүгінгі таңда орын алар болса, Алматы қаласында 25 000 ғимарат құлап, 100 000-нан астам адам шығыны болуы мүмкін", - дейді жапон ғалымы Сэгава Сюке.

Жетісу облысы әскери губернаторы А.Я. Фриденің Дала өлкесі генерал-губернаторы Г.А.Колпаковскийге жазған шұғыл телеграммасында былай делінген:

"Таңғы бесінші сағаттың соңына қарай күшті жер сілкінісі Верныйдағы көптеген ғимаратты қиратты, солардың қатарында шіркеулер, гимназиялар, губернаторлық үй, госпиталь толығымен құлап, үлкен зақым келді. Зардап шеккен және қорқып қалған тұрғындар көшеде жүр. Қажетті шаралар қолданылуда және қарауылдау үшін әскер шақыртылды. Сағат 11-де белгілі болғандай 112 адам қайтыс болған, олардың көбі балалар. Мәлімет әлі толық емес. Ұсақ жер сілкіністері тоқтар емес".

1887 жылы Верный қаласының тұрғындарының саны 30 мыңға жуықтаған. Кейбір деректер бойынша жер сілкінісі кезінде 226 және 332 адам шығыны болған делінген. Олардың басым көпшілігі балалар екен.
Верный қаласы
Верный қаласындағы жер сілкінісінен кейін қираған ғимарат. Көрнекісурет: Qazaq TV

"Наш мир" газетінің жазуы бойынша 1887 жылы 28 маусым күні қалада 2 рет жер сілкінісі тіркеліпті.

"Толқулардың күштілігі соншалық ағаш үйлер әп-сәтте қирап қалды. Әрбір жер сілкінісінің ұзақтығы шамамен минутқа созылды. Адамдар далаға жүгіріп шыққан, оларды қорқыныш пен үрей билеп алған. Осылайша Верный жоқ болып кетті" делінген мақалада.

Алматыда болған екінші жер сілкінісі

Алматыдағы екінші үлкен жер сілкінісі қашан болды? Алматы тарихындағы екінші жер сілкінісі 1911 жылдың 4 қаңтар күні тіркелген. Кейбір деректерде 1910 жылдың 22 желтоқсаны деп көрсетіліпті. Апаттың күштілігіне байланысты оған "Кеминскілік" деген атау берілген. Себебі жер тербелісінен соң, қала ішіндегі көшелер қақ айырылып, жырықтар пайда болған. Соққы күші - 9-10 балл, ал магнитудасы - 8, 2 баллды құраған. Ошақ тереңдігі - 25 шақырым.

1870 жылы Верный басшылары халыққа үй тұрғызуда ағаш емес, қолдан жасалған сазды кірпішті қолдануға рұқсат берген. Ондағы мақсат - қаланың сыртындағы жасыл желектерді қиғызбай, экологияны сақтау.

Алайда сабан мен саз балшықтан тұрғызылған ғимарат, баспаналардың барлығы 2 зілзала кезінде жермен-жексен болған. Жер сілкінісінен соң Верныйдағы үйлерді кірпіштен тұрғызуға тиым салынды.

Қираған үй
Жер сілкінісінен қираған үй. Көрнекі сурет: Qazaq TV

Жер сілкінісінен кейінгі ғылыми жұмыстар

Алматыда алғашқы ғылыми жұмыстар жер сілкіністерінен соң жүргізіле бастаған. Дерек көздеріне сүйенсек, ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Верныйда алғашқы сейсмикалық станция желілері пайда болды.

1910 жылғы жер сілкінісі кезінде Верныйда 66 адам қаза тапты, 616 үй толығымен қирап қалды. Мұрағаттағы деректерде Кеминскілік жер сілкінісінен барлығы 390 адам қайтыс болғаны жазылған.

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, 1910 жылғы Алматыдағы күшті жер сілкінісі Екатеринбург, Бомбей және Калькутта сияқты қалалардың сейсмостансаларында да тіркелген.

1900 жылдары Алматы қаласының сәулетшісі болған Андрей Зенков өз жазбаларында қала туралы былай деген.

"Мен Верныйдың болашағына сенемін. Біздің қаламыз әдемі, көркем болуы үшін бірнеше қабатты үйлер мен ғимараттарды тастан, бетоннан және басқа да мықты құрылыс заттарымен салуға болады".

Соңғы 130 жылдан астам уақыт ішінде Алматы 2 апаттан толықтай қирап, қайта тұрғызылды. Алып шаһар өз уақытында тұрғындарға қауіп төндірсе де, ешкім оны тастап кетпеді. Керісінше, Алматы Қазақстанның әр өңіріндегі халық ең көп ағылатын алып қаланың бірі атанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1060597-almatydaghy-alapat-zher-silkinister/

pixel