Кәмелетке толмай, ана атанатын қыздар түнгі клубтарға жиі барады
Опубликовано:
Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмай тұрып, ана атанатындардың саны көбейген. Жылына 170 мыңға жуық сәби жасанды түсік құрбанына айналады.
Бұл туралы прокурорлардың ата-аналармен кездесуінде айтылды деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Кәмелетке толмаған қыздардың 75 пайызы түнгі клубқа әуес. Егер ресми түрде жасанды түсік жасалатын сәбилер саны 170 мыңға жетсе, айтылмай қалғандарының қанша екенін ойлаудың өзі қорқынышты. Бүгінде еліміздегі ең жас ана 14 жаста. Оңтүстік Қазақстан облысы кәмелетке толмаған аналар бойынша елімізде көш бастап тұр. Осыдан соң біздің облысымыз тап-таза деп қалай айтамыз", - дейді Еңбекші ауданының прокурорының орынбасары Ағыбай Жақанов.
Еске сала кетейік, облыста өз-өзіне қол жұмсамақ болған жасөспірімдер саны да көбейген. Жыл басынан бері 22 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1063432-kameletke-tolmay-ana-atanatyn-qyzdar/