Назарбаевпен кездесуге келген әйелдер көңілдері босап, жылап қайтты (видео)
Опубликовано:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуде ана жүрегі туралы аңызды айтып, жиналғандарды жылатып қойды.
Кездесу барысында президенттің ана мен бала махаббаты туралы айтқан аңыз әңгімесі жиынға келген нәзік жандылардың көзіне еркісіз жас үйірді.
Жігіттің ару бойжеткенге жан-тәнімен ғашық болып, оған қол жеткізу үшін анасының кеудесінен жүрегін жұлып алғандығы туралы аңызды жиналғандар ұйып тыңдады.
Әңгіме соңында жігіт анасының қадірін түсініп, жүрегін орнына қояды. Хикаяның жақсы аяқталғаны қыз-келіншектердің көңілін босатып, жиналғандар көздерінен тамған жасты тия алмай қалды.
Еске сала кетсек, бүгін Назарбаев еліміздегі барша әйелдерді келе жатқан 8 наурыз күнімен құттықтаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1063959-nazarbaevpen-kezdesuge-kelgen-ayeld/