RU

Қазақстанда гейлер қалай пайда болып жатыр?

Елімізде отбасын құрған жас жұптардың көбі бір жыл өтпей ажырасып жатыр. Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда үшінші жыл қатарынан некелер саны азайып, жеті жылдан бері ажырасу саны көбейіп келеді деп жазады Шын порталы.

Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2013 жылы – 168 417 неке, 2014 жылы – 159 328 неке, 2015 жылы 148 769 неке қиылған. Ал ажырасу саны 2014 жылы - 52 673 болса, 2015 жылы - 53 293-ке жеткен. Жанұяны сақтай алмаймыз дейтіндердің басым бөлігі Кереку облысында тұрады, мұнда 100 отбасына шаққанда 61 ажырасу тіркелген екен. Шаңырағы шайқалған отбасындағы балалардың жағдайы қандай болмақ? Ажырасқанда олар баланың кімде қалатындығы, қайда, қандай тәрбие алатындығы, оның болашағы, алаңдатпайды. Соның кесірінен талай бала әке-шешесіз өсіп, ер жетуде.

Қазіргі таңда жасыратын түгі жоқ, ұлдардың арасында «мамасының баласы» көп. Әке көрмеген ұл болаттай берік емес, қыздай ұяң, майысқақ, жылауық болып өсуде. Шешесінің етегіне жабысып, күндіз-түні әйелдің тәрбиесін көрген балада ер-азаматқа тән қасиеттер сонау түкпірге тығылып, жасырына беретін көрінеді. Содан балаға өз анасы идеал болады. Қыздарда да солай. Әкесіз өскен қыз балада ер-азаматқа деген жек көрушілік сезім пайда болуы мүмкін.

Бұлар бойжетіп тұрмыс құрған соң өз отбасындағы кикілжіңдердің де астары көбінесе осыдан шықса керек. Обалы нешік, қазақтың «әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дейтін философиясы бүгінде өзінің шындығын дәлелдеп-ақ келеді.

Бұл аздай соңғы жылдары «қызтеке» атанып, гейге аналып жатқан күнәһарлардың саны өсуде. Осы секілді бірқатар мысалдардың түпкі себебін "жалғызбасты ананың тәрбиесін көргендіктен" деп санайды психологтар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1066588-qazaqstanda-geyler-qalay-payda-bolyp/