RU

Отандық жұлдыздар 8 наурызға алған сыйлықтарымен мақтанды

Халықаралық әйелдер күні қашан да гүлдер мен тосын сыйларға толы болады. Отандық жұлдыздар өз Instagram парақшасында алған сыйлықтарының фотосын жарыса жүктеуге кіріскен.

Әнші Мақпал Исабековаға бұл күні сүйкімді марғауды сыйлаған екен. Әртіс оны қолына алған сәтінің фотосын бірден желіге жүктеген.

Assyl тобының солисі Ғалия Мұратова болса, өз күйеуіне гүлдер мен ұялы телефон үшін алғыс білдірген.

Ділназ Ахмадиева таңертеңнен бастап, "рахмет сүйіктім", "сүйемін сені" деген сөздермен фотоларды жариялауға кіріскен. Ол өзіне сыйланған спорт костюмін де назарға салған.

Актриса Әсем Жәкетаева құшақ гүлдермен мақтанып, оны сыйлағандарға рахметін айтты.

Amouage тобының солисі Эльвира Құспанова болса, жұмсақ қонжық ойыншығын сыйға алған екен.

"Ринго" тобының солисі Аян Бибаев мерекені ұлымен бірге сауда үйінде өткізген. Ұзақ қыдырудан кейін әртіс, ақыры жарына лайық сыйлық тапқан.

"МұзАрт" тобының солисі Сәкен Майғазиев те жары мен қыздарын арнайы құттықтаған.

Әнші Сиви Махмуди әріптестерінен қалыспай, сыйға алған бір шоқ гүлдерін назарға салды.

Баян Есентаеваны бұл күні қоластындағылары мен әріптестері құттықтаған.

Қарақат Әбілдинаның Instagram парақшасы гүлдер мен құттықтауларға толы.

Гүлзира Айдарбекова болса, ұлымен түскен фотосымен мақтанды.

Нағима Есқалиева ұлына пейілі үшін алғысын жаудырды. Фотодан оның сыйлыққа күтінуге арналған жиынтық бергенін түсінуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1066736-otandyq-zhuldyzdar-8-nauryzgha-alghan-syy/