RU

Қарағандылықтарды оғаш тетігі бар автобус есеңгіретті

Қарағандыд жылдамдық ауыстырғыш тетігі өзгеше орналасқан автобус жолаушылардың таңданысын тудырды. Жүргізушіге оған қол жеткізудің өзі үлкен күш.

Автобустағы мұндай оғаш құрылғы жолаушылардың күлкісін келтіріп қана қоймай, көптеген тұрғындарды қорқытып үлгерген.

Біртүрлі алыс орнатылған тетіктің арқасында жүргізушінің қасынан кілем жайылған тағы бір орын қоюға мүмкіндік туған. Ал видеода бұл орын өз міндетін жақсы атқарып тұрғанын байқауға болады.

Жылдамдық ауыстырған сайын қолын артқа қарай қайырып тұрып созатын жүргізушіге діттеген жеріне отырып жеткісі келетін жолаушылардың жағдайы әлеқайда маңыздырақ сияқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1066960-qaraghandylyqtardy-oghash-tetigi-bar-av/