RU

Таразда жас жұбайлардың тойы трагедиямен аяқтала жаздады

Таразда жас жұбайлардың тойы трагедиямен аяқтала жаздады. Үйлену тойы өтіп жатқан мейрамханаға  «жарылғыш зат қойылды» деген ақпарат тарап, қонақтар түгел сыртқа шығарылды.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған жағдай қаладағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде болған. Дәл тойдың қызған шағында қонақтарды асаба тілек айту төріне емес, далаға шығуға шақырған. Өйткені білгісіз біреу 102 нөміріне қоңырау шалып, той өтіп жатқан мейрамханаға жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

Артынша құзырлы орган қызметкерлері түгел тінтіп түк таппады. Тойшыл қауымның тынышын алған адамның кім екенін әзірге ішкі істер департаменті анықтай алмай жатыр.

"Жалған теракт ұйымдастырушы алты жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Хабар берген адам анықталатын болады. Сондай-ақ қылмыстық іске тартылады. Ішкі Істер Департаменті азаматтарға мұндай іс істемеуге кеңес береді", - дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы Гүлчехра Зияутдинова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1067606-tarazda-zhas-zhubaylardynh-toyy-tragedi/