RU

Атырау облысында тұшпара жеген жұмысшылар жаппай уланып қалды

9 наурыз күні сағат 22 шамасында Жылыой ауданы Теңіз қалашығында «Сичим» ЖШС-нің 13 жұмысшысының асқазандары ауырып, олардың бәрі ТШО емханасына қаралған.

Бұл туралы Ақжайық газеті жазады.

Жылыой аудандық прокуратурасының прокуроры Жәнібек Қаражановтың хабарлауынша, жұмысшылар 8 наурыз күні түскі аз кезінде тұшпара ішіп, келесі күні өздерін жайсыз сезінген. Емханаға қаралған оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, мекемелеріне қайта оралған. Ауырғандардың ешқайсысы емханаға жатқызылмаған.

Емхана ұсынған қорытындыға сәйкес, «функциональная диарея», яғни, іш қату диагнозы қойылған. Аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы мамандарының берген мәліметінше, аталған диагноз жұқпалы ауруларға жатқызылмайды.

Қазіргі уақытта аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының зертханасына клиниканың берген қорытындысы жолданып, нәтижесі күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1069490-atyrau-oblysynda-tushpara-zhegen-zhumys/