RU

Демалыс күндері Қазақстанның барлық аймағында күн суытады

Алдағы демалыс күндері республика аумағында ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде. «Қазгидромет» мамандары барлық аймақта күн суытады деп болжап отыр. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш тәулікте еліміздің басым өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстікте қатты жел тұрса, оңтүстікте қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

"12 наурызда Астанада жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы -5, -7 градус суық. Ал күндіз 3-5 градус жылы. 13 наурызда кей уақытта жауын-шашын болады. Күндіз екпінді жел көтеріледі және ауа температурасы түнде -3, -5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады", - дейді «Қазгидрометтің» инженер-синоптигі Алуа Саханова.

Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағаңды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1069796-demalys-kunderi-qazaqstannynh-barlyq/