RU

ОҚО-да көпбалалы ана Бейбіт Атамқұловқа арнап өлең шығарды

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданының тұрғыны аймақ басшысы Бейбіт Атамқұловқа арнап, өлең шығарды. Тіпті оны аудан әкіміне оқып берді деп хабарлайды Корреспондент басылымы.

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Созақ ауданындағы еңбек озаттары мен көпбалалы аналарға облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың құттықтау хаты тапсырылған болатын. Мерекелік сыйлықты батыр аналардың үйіне арнайы барып тапсырған аудан әкімі Мақсат Исаев облыс басшысының сәлемін жеткізді.

"Бұл күн – ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!", - делінген мерекелік құттықтау xатта. Мұндай лебізге ризашылығын білдірген көпбалалы ана Гүлзағипа Бәлшенқызы:

- Құттықтап мені келгенің,

Ана деп сәлем бергенің.

Ынтымақ беріп халқыма

Жана берсін еңбегің.

Табысты болсын халқымыз,

Арта берсін даңқымыз.

Жоғалмасын ешқашан,

«Ана» сыйлау салтымыз, - деп облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлына ризашылығын өзі шығарған өлең жолдары арқылы білдірді. Қошеметке ие болған өзге де аналар аймақ басшысына алғыстарын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1071449-oqo-da-kopbalaly-ana-beybit-atamqulov/