RU

Астанадағы мүсіндерді "киіндіріп қойған" тұрғынға Еуропаға аттану ұсынылды

Астанадағы "жартылай жалаңаш мүсінді" киіндіріп қойған азаматқа Еуропаға аттану ұсынылды.

Мұндай пікірді әлеуметтік желі қолданушылары жарыса жазуда. Мәселен солардың бірі Facebook қолданушысы Әділет Мұсахаев мүсінді киіндірген азаматқа Еуропаның жалаңаш мүсіндерін киіндіруге кеңесін берген.

Желінің белсенді қолданушысы Бейбіт Сарыбай да осындай ұсыныс білдірген.

Еске сала кетсек, өткен аптада Астана тұрғыны қала орталығындағы "ұятсыз мүсінді" ел назарына ұсынып, оны көпшілік қызу талқылаған болатын. Осыдан кейін тұрғын бойжеткеннің мүсініне көйлек кигізіп қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1073637-astanadaghy-musinderdi-kiindirip-qoy/