RU

"Тальго" пойызының төсеніштері кір екенін байқаған жолаушылар жиіркеніп қалды

Бағасы қымбат "Тальго" пойызымен жиі жүретін жолаушылар оның төсек орнының таза еместігіне наразылық танытып отыр. Айтуларынша, төсек жаймалары кір әрі иістері жағымсыз, деп хабарлады 31 арна.

Мұндай төсек орынға жатуға жиіркенген жолаушының бірі осы төсек-орын жабдықтарын жуатын компанияның жұмысын көріп қайтты.

"Тұлпар-Тальго" пойызында төсек орынның кір болуына Роза Шамсудинова қатты ашулы. Осы компаниямен жұмысы тығыз байланысты ол жолаушыларға мұндай төсек жабдықтарын беру ұят дейді. Төсектерді жуатын «Ардагер» компаниясының жұмысын Роза ханым өз көзімен көріп қайтты.

"Мен Жетісу аудандындағы көлік прокуратурасына шағым түсіргелі отырмын. Қазір көрдім. 4 адам ғана жұмыс істеп жүр. Сапасы сын көтеремейді төсек орындардың. Сол кезде жолаушылар билетке үлкен ақша төлеп осындай төсекпен жүрулері керек пе?", - деді "Жолаушылар тасымалы" қоғамының "Экспресс" филалы директорының орынбасары Роза Шамсудинова.

Кір төсек орындарды жуатын компанияны анықтау мақсатында «Жолаушылар Тасымалы» акционерлік қоғамы жыл басында тендер ойнатқан. Тендерді «Ардагер» кәсіпорны ұтып алыпты. Олар жуылған төсек орындарды далаға жайып кептіруге мәжбүрміз дейді.

"200 комплект жуамыз. Болды. Ертеден кешке дейін. Үлгеріп жатырмыз. Сағат кешкі 7-ге дейін жуамыз. Сыртта тұрған бельеларды қазір жинап аламыз да жібереміз. Барлығы жуылған. Төсекті тез алып кету керек болғаннан кейін, далаға шығарып кептіріп жатырмыз", - деді кәсіпорын қызметкерлері.

Келісімшартқа сәйкес «Тұлпар Тальго» пойызына 1 күнде 7 мың төсек орны жуылып төселуі тиіс. Ал, "Ардагерде" кір жуатын машиналардың саны бұл цехта екеу ғана. Ал, оның басшылары цехта болмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1075461-zholaushylar-talgo-poyyzynynh-tosenish/