RU

Бердібек Сапарбаев сайлауда дауыс беруге әйелімен бірге келді (фото)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дауыс беруге жұбайымен келді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Билік партиясын қолдайтынын ашық айтқан Ғайша Сапарбаева отбасындағы жағдай туралы да айтып кетті.

Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев № 77 сайлау учаскесінде дауыс берді.  Өз таңдауын жасап, дауыс берген облыс басшысы ақтөбеліктердің сайлауға қатысуына барлық жағдай жасалғанын айтты.

"Мен барлық бақылаушылармен сөйлесіп отырмын. Қазіргі таңда ешқандай заң бұзушылық жоқ. Облыстағы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан елді-мекендердегі сайлау учаскелері таңғы 7:00-ден ашылды",  -дейді Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев.

Сайлауда өз даусын берген облыстың бас ханымы таңдауды билік партиясына жасағанын жасырған жоқ.

"Мен үнемі "Нұр Отан" партиясына дауыс беремін. Бүгін де солай жасадым", - деген Ғайша Сапарбаева журналистердің отбасы туралы сауалына да жауап беріп кетті.

"Кез келген əйел секілді үйде отырып, жолдасыма барлық жағдайды жасап отырмын. Кешкі асқа күтем, əрдайым 10-11-де кешкі аста бірге отырамыз. Ол таңғы асқа міндетті түрде ботқа, ірімшік жейді. Өзімнің мамандығым экономист, 15 жылдан бері жолдасымның жағдайын жасап, үйде отырмын", - деді Ғайша Сапарбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1077320-berdibek-saparbaev-saylauda-dauys/