Алматыда қыздар мен жігіттер жартылай жалаңаш күйде сахнаға шықты (фото, +18)
Опубликовано:
Алматыда өнер иелері ұлттық мерекені өзгеше етіп атап өтті. Қыздар мен жігіттер жартылай жалаңаш күйде сахнаға шығып, "боди-арт" өнерін ортаға салды деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.
"Боди-арт" қатысушыларына "жатпланеталық" тақырыбы ұсынылды. Ең үздік образ атағын модель Альбина Ширяеваның жартылай жалаңаш денесіне салынған визажист Алена Етекбаеваның туындысы иеленді. Одан бөлек Анна Гераскина, Марлес Устабаев, Надежда Шарипова сынды визажистердің "боди-арттары" назарға салынды.
Еске салсақ, бұған дейін ұлттық мерекеге орай «Наурыз» боди-арт фестивалінде қыздар жартылай жалаңаш күйде сахнаға шығатыны туралы хабарлаған болатынбыз.
«Біз боди-арттың нағыз өнер екенін ісімен ғана емес, тәнімен де дәлелдеуге әзір жандарды шақырамыз», - деген еді фестивальді ұйымдастырушы Анастасия Доронина.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1079684-almatyda-qyzdar-men-zhigitter-zhartyla/