RU

Мәжілісте смартфон қолдануға шектеу қойылды

Мәжіліс аппаратының қызметкерлеріне смартфон пайдалануға шектеу қойылды деп хабарлайды Алматы арнасы.

Қазір ғимараттарда ұялы телефонды уақытша сақтайтын арнайы жәшіктер орнатылған.

Парламенттің жоғарғы палатасы сенатта да мұндай тыйым енгізілмек. Бұл өзгеріс ресми түрде заңды түрде сәуір айының басында күшіне енеді.

Бұған дейін  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мемлекеттік қызмет атқаруда жаңа ержелер енетінін айтқан болатын. Осылайша олар қазақстандық шенеуніктерді әлеуметтік желіден бас тартып, жұмысқа кірісуіне итермелейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1080920-mazhiliste-smartfon-qoldanugha-shekteu/