Апатты жағдайда қонған Bek Air ұшағына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Опубликовано:
Астанада апатты жағдайда қонған Бек Эйр компаниясының ұшағына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Қазақстанның бас көлік прокуратурасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
"2016 жылдың 27 наурызы күні сағат 10:36-да "Қызылорда-Астана" бағытында қатынайтын Бек Эйр әуе компаниясына қарасты Foker-100 ұшағы апатты жағдайда Астана әуежайына қонды. Бортта барлығы 121 адам болған. Бесеуі экипаж мүшесі болса, 116-сы жолаушы. Алдын ала болжам бойынша, апатқа алдыңғы шассидің ашылмай қалғаны себеп болған", - делінген хабарламада.
Аталған факт бірыңғай реестерге тіркеліп, соталды тергеу жұмыстары басталды.
Бек Эйр - ішкі рейстерді орындайтын аз бюджетті әуекомпания. Бүгінде компанияға тиесілі ұшақтар Алматы мен Астана, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Орал, Шымкент, Қызылорда, Жезқазған қалаларына және Орал қаласынан Мәскеу мен Санкт-Петербургке, ТМД-ның бірнеше қаласына қатынайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1082165-apatty-zhaghdayda-qonghan-bek-air-ushaghyna-qaty/