RU

ОҚО-да мәжіліс депутаты атанған аудан әкімін шапан кигізіп, шығарып салды

Парламент мәжілісіне депутат болып сайланған Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының бұрынғы әкімі Уәлихан Қайназаров ауданға басшы болған жылдарды өміріндегі ең бақытты шақтар екенін айтып, ағынан жарылды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Уәлихан Қайназаровтың мәжілісмен болуына байланысты жиын өтті. Жиынға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары мен әкімдік өкілдері талай жыл қызметтес болған аудан әкімін қимай, жүрек жарды ақ тілектерін арнап, сенім білдірді.

Қорытынды сөз сөйлеген мәжіліс депутаты Уәлихан Анарбайұлы жұртшылық айтқан тілектерді бата деп қабылдап, сенімді ақтауға тырысатынын жеткізді. Сайрам елінде қызмет атқарған жылдарын өміріндегі ең бақытты шақтары екенін айтып, ағынан жарылды.

Онымен қоса бұрынғы әкім, қазіргі депутат алты жылда атқарылған жұмыс, жеткен жетістіктің бәрі халықтың еңбегінің арқасы екенін атап өтті. Өз кезегінде Сайрам ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Талғат Керімбеков Қайназаровқа алғыс ретінде халық атынан шапан жауып, құрмет көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Уәлихан Қайназаровтың есімі жер дауына қатысты  шығып, тіпті сайрамдық тұрғындар  әкімнің жұмыстан жай ғана кетпей, істеген былықтары үшін жазасын алуын деп талап еткен болатын.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1083402-oqo-da-mazhilis-deputaty-atanghan-audan/