Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың дәстүрлі тағамдарының бірі құртты қалай әзірлейді (фото)

Опубликовано:

Наурыз мерекесінде дастарханның көркін аша түсетін ұлттық тағамдардың бірі құрттың қалай әзірленетінін NUR.KZ порталының тілшісі бақылап қайтты.

Құрт шығаратын өнеркәсіптердің бірі Көкшетауда ораналасқан. Алайда «Гормолзавод» ЖШС қызметкерлері құртты халық рецептісі бойынша қолмен әзірлейді.

«Құрттың тек классикалық түрі сұранысқа ие болғандықтан, соны ғана әзірлейміз», – дейді өнеркәсіптің бас директоры Әсен Жақсылықов.

Дәстүрлі құрт сүттен жасалады. Алдымен сүзбе әзірленеді. Ал зауытта құртты өздері шығаратын ірімшіктен жасайды.

Тоңазытқыштан кейін ірімшік қайта жібітіледі. Үй температурасында бірнеше сағат тұрады.

Кейін майдаланып, тұздалады.

Дайын ірімшіктен құрт жасалады.

«Көріп отырсыздар, ешкім қолтығымен дөңгелетіп жатқан жоқ. Бізде санитарлы нормалар қатаң сақталады», - деп әзілдеді зауыт директоры.

Құрттарды арнайы ыдыстарға салады.

Сосын пешке салып, 40-45 градус температурада 14 сағат бойы кептіреді.

Одан құрттар аздап кішірейіп, қоңырлана түседі.

Дайын құрттар пакеттерге салынады. Әр пакетке шамамен 12 данадан келеді.

Арнайы аппаратпен пакет вакуумделіп, тігіледі.

Осындай түрде құрт сатылымға шығады.

Өнімнің жарамдылық мерзімі - 1 ай. 4 градус температурада, яғни тоңазытқышта сақтаған жөн.

Құртқа күн санап сұраныс өсуде. Тіпті ресейліктер де өнімге қызығушылық танытып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1083702-qazaq-dasturli-taghamdarynynh-biri-qur/

pixel