Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда клиентін уколмен өлтіріп алған косметолог құрықталды (фото)

Опубликовано:

Оралда 28 наурыз күні «Звезда Востока» сұлулық салонында косметикалық ота жасау кезінде 1977 жылғы әйелді уколмен өлтіріп алған косметолог құрықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған дерек бойынша Эльвира есімді косметологқа қатысты Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөліміне (медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндетін тиісті дәрежеде орындамауы) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, БҚО ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.

Сол арада танымал қазастандық пластикалық оташы Владимир Хегай қаза болған әйелдің өмірін қарапайым шокқа қарсы дәрі қорабы құтқаруы тиіс болғанын мәлімдеді деп жазады BNews.kz.

Ақ халаттының ойынша, әйелдің өліміне анафилактикалық шок себеп болуы мүмкін.

«Біріншіден, оған не егілгенін ешкім білмейді. Екіншіден, әйелде анафилактикалық шок болған секілді, қарапайым сөзбен айтқанда дәріге аллергия берген. Ол кез-келген адамда болуы мүмкін. Тіпті лидокаиннің өзіне кей адамдарда аллергия беріп жатады», – дейді маман.

Дәрігер мұндай жағдайда жедел реанимациялық көмек қажеттігін алға тартты.

«Бұндай жағдайда жедел реанимациялық көмек көрсету қажет. Барлық медициналық кабинеттерде шокқа қарсы дәрі қорабы болуы тиіс. Бізде де ондай бар. Себебі, түрлі реакциядан ешкім алдын ала сақтанбаған. Тек уақытылы көмек қана адамды құтқара алады», – дейді Хегай.

Оташы кей адамдарда аллергия болғанына қарамастан, диспорт пен ботокс негізінен өмірге қауіпсіз ота түрі болып табылатынын айтуда.

Сол арада құрықталған косметолог танымал емші Джунамен достық қарым-қатынаста екені анықталған. Эльвира Юсупова, сонымен қатар Андрей Малаховтың «Пусть говорят» бағдарламасына қатысқан.

«Біз дос болдық. Мен, тіпті Дужнаның үйінде 5-6 ай бірге тұрдым», – деген еді Юсупова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1084436-oralda-klientin-ukolmen-oltirip-algha/