RU

Бекзат Саттархановқа арналған кешке келушілер залға сыймай қалды

Сидней олимпиадасының жеңімпазы, жиырма жасында қазақ туын әлемдік додада жебіреткен  Бекзат Саттархановты еске алуға арналған «Шоқтығы биік жарық жұлдыз» атты  жыр мүшәйрасын тамашалауға келгендер залға сыймай қалды.

Бұл туралы  NUR.KZ-тің аймақтағы тілшісі хабарлайды.

Биыл батыр ұлдың құрметіне арналған шара Түркістанда екінші рет ұйымдастырылып отыр.  Киелі мекендегі білім ұяларының біріндегі 400 орынға арналған мәдениет залында өткен мүшайраға келгендердің кейбірі шараны тік тұрып тамашалады. Аламан жыр сайыстың басты қонағы Бекзаттың әкесі Сейілхан Саттарханов болды.

Жыр бәйгесінде алғашқы іріктеуге 30-дан астам өлеңдер келіп түскен болса, қазылар алқасы финалға 11 өлеңді іріктеп шығарды. Марапаттау сәтінде батыр Бекзаттың әкесі Сейілхан Саттарханов жас ақындарға сәттілік тілеп,  сайыс келер жылы да жалғасын табады деген ақ жарма тілегін білдірді.

Айта кетейік, чемпионның құрметіне орай өткен мүшайраға тек қана қазақстандық емес, Қытай мен Моңғолия елінің жастары да қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1086133-bekzat-sattarkhanovqa-arnalghan-keshke/