RU

Қазақстандық шенеуніктерге 35 мың доллардан қымбат көлік алуға тыйым салынды

Автомобили стоят в салоне
Иллюстративное фото: pexels.com

Қазақстандық шенеуніктерге 35 мың доллардан қымбат тұратын көліктер алуға рұқсат жоқ. Сондай-ақ, шенділер ұстайтын смартфон бағасы 70 мың теңгеден аспауы тиіс.

Бұл туралы жемқорлыққа қарсы медаиорталықтың директоры Марат Қайырғалиев мәлімдеді деп жазады Матрица.

Енді мемлекеттік қызметкерлер алкогольді шектен тыс қолданып, қоғамдық орындарда жүре алмайды.

«Қазақстанда жемқорлықпен күресу жолында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, жаңа заң күшіне енген соң, шенділер ұстайтын смартфон 70 мың теңгеден, көліктер 35 мың доллардан қымбат болмауы тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер ішімдік ішіп алып, мейрамхана, кафе, кинотеатр мен өзге де қоғамдық орындарда жүре алмайды. Мұндай қадамы үшін олар жауапқа тартылады», - деді жемқорлыққа қарсы медиаорталықтың директоры.

Сондай-ақ, шенеуніктердің жүріс-тұрысын қадағалау үшін рейдтер жүргізіліп отырады.

«Егер қандай да бір шенеунік әдептен асып, мейрамхана әкімшілігі полицияға хабарласатын болса, біз оның қандай қызметте екеніне қарамай шара қолданамыз. Бір қызығы, бүгінде осылай аты шыққан шенеуніктер көп», - дейді Батыс Қазақстан облыстық ІІД басшысының орынбасары Бауыржан Рахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1086353-qazaqstandyq-sheneunikterge-35-mynh-doll/