Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сот өзінің 3 жасар туған ұлын зорлаған ер адамды ақтап шықты

Опубликовано:

Алматыда өз ұлын зорлаған ер адамды сот ақтап шықты. Прокурор оны 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, сот болған жайттан қылмыс құрамын таппаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқиға 2015 жылдың қазанында болған. 3 жасар баланың анасы ұлын туған әкесіне қалдырып, жұмысқа кеткен. Келісім бойынша, күйеуі баланы өзімен жұмысқа алып барып, анасы бірнеше сағаттан кейін оны алып кетуі тиіс болатын.

Алайда сол арада жантүршігерлік жайт орын алған. Ер адам туған ұлын алдымен үйінде зорлап, кейін жұмысына ертіп әкеткен. Ал бірнеше сағаттан кейін баласын көрген ана кішкентайдың денесінен зорлық белгілерін байқап, шағым түсірген.

Соталды тергеу барысында сот медициналық сараптама баланың тік ішегі қанағанын және ішек шырышының қабынуын анықтаған. Ал екінші сараптама баланың тік ішегінен әкесінің тобына тиесілі шәует іздерін тапқан.

Сот техинкалық сараптама ер адамның ноутбугынан 208 порнографиялық бейнефайл тапқан.

Алайда сот алқасы мен сот төрешісі ұлын зорлау фактісі дәлелденбеген деп шешті. Дәлел болмағандықтан, ер адам кінәсіз деп табылған.

Ал анасы ұлының зорланғанын психолог та растап отырғанын айтуда. Оның қорытындылары түсініктеме хаттамасына енген. Әлі тілі толық шығып үлгермеген балақай да әкесінің өзімен не істегенін көрсетіп берген.

Туған әкесінен қорлық көрген ұлы үшін әйел күйеуіне әділетті жаза тағайындауын сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1087289-almatyda-sot-ozininh-3-zhasar-tughan-ulyn-z/

pixel