RU

Жамбыл облысында көлік терезесінен лақтырып өлтірілген сәбидің әкесі сотталмайтын болды

Жамбыл облысында 17 жастағы азамат мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа барғаны үшін жазаға тартылғалы жатқан. Алайда қос тараптың мәмілеге келуіне орай қылмыстық іс қысқарыпты деп хабарлайды КТК арнасы.

Белгілі болғаны, 16 жастағы қыздың өзі де, жақындары да Елдос Сайлаубекке кінә тақпайтыны жөнінде арыз жазған. Жігіттің мектеп оқушысымен төсектес болуы орта деңгейдегі қылмысқа жатады екен. Сондықтан тергеушілер істі жапқан. Ал немересін өз қолымен жүріп келе жатқан көліктің терезесінен лақтырған әйелдің ақыл-есінің кем екені анықталды.

Қазіргі таңда қосымша тексеруге Алматыға жіберілген. Жаға ұстатарлық оқиға қаңтар айының басында Талас ауданының Үшарал ауылы маңында болғанын айта кетейік.

58 жастағы әйел көршісінің көлігін жалдап жүкті қызын ауруханаға апара жатыпты. Ауылдан шыға бере мектеп оқушысының толғағы қысып, машинаның ішінде-ақ босанып қалған. Ал анасы көлікті тоқтатпаған күйі шақалақты терезеден лақтырып жіберді. Тас жолға басымен түскен нәресте сол жерде шетінеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1087644-zhambyl-oblysynda-kolik-terezesinen-l/