RU

Орталық Азиядағы ең мықты әскери қарулы күшке ие мемлекет анықталды

Әлемнің 126 мемлекеті кіргізілген «2016 жылғы Жаһандық әскери қуаттылықтың рейтингінде» Орталық Азиядағы ең мықты әскери қарулы күш Өзбекстан болып танылыпты, ол 54-орында тұр деп жазады Қазақстан-ZAMAN басылымы.

Қазақстан 66-орынға жайғасса, Қырғызстан – 78-ші, Тәжікстан — 81-ші, Түркіменстан 90-орындарға табан тіреген. Рейтингті құрастырушылар 50 түрлі факторларды есепке алады екен, оның ішінде елдегі қарудың жалпы саны, ел экономикасының ахуалы, жағрафиялық орналасуы, табиғи ресурстары, әскери қызметке жарамды халық саны т.б. осы сынды факторлар бар екен.

Бірақ онда елдің ядролық әлеуеті мен саяси-әскери басшылық деңгейі есепке алынбаған. Рейтинг Орталық барлау басқармасы (АҚШ), энциклопедиялық ресурстар, БАҚ-тағы жарияланымдар және басқа дереккөздері мәліметтерінің негізінде дайындалған.

«Азия — Тынық мұхит» аймағы елдерінің арасында әскери қуаттылық жағынан Қазақстан 21-орында. Рейтингке сәйкес, Өзбекстанда әскери қызметке 13,3 миллионнан астам адам жарамды болса, жыл сайын 600 мыңнан астам адам әскери қызметке шақыру жасына жетеді екен.

Армия құрамының саны — 65 мың адам. Ел әскерінің иелігінде — 420 танк, 715 БТР және БМП, 880 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 143 өзі жүретін артиллериялық қондырғылар, 109 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, 166 ұшақтар, оның ішінде 69 тосқауылшы/истребитель және 50 жүк ұшағы, сондай-ақ, 69 тікұшақтар бар.

Рейтингті құрастырушылардың мәліметтері бойынша, Өзбекстанның қорғаныс бюджеті 70 млн долларды құрайды екен. «Википедия» деректері бойынша, Өзбекстан 2010 жылы қорғаныс саласына 1,7 млрд-тан астам қаржы жұмсаған. 2014 жылы «Ферғана» бұл елдің қорғаныс бюджеті шамамен 2 млрд долларды құрайтынын хабарлаған-ды.

Globalfirepower.com деректері бойынша Қазақстанда әскери қызметке 6,44 млн азамат жарамды болса, жыл сайын 245 мың адам әскери қызметке шақыру жасына толады, армия құрамының саны — 110 мың адам. Армияда 300 танк, 1613 БТР және БМП, 285 өзі жүретін қондырғылар, 744 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 393 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, жағалауды қорғайтын 12 кеме, 244 ұшақтар, оның ішінде 103 тосқауылшы/истребитель және 64 жүк ұшақтары, сондай-ақ 69 тікұшақтар бар. Қазақстанның қорғаныс бюджеті 2435 млн долларды құрайды.

Қырғызстандағы әскери қызметке жарамды халықтың саны — 2,377 миллион адам, жыл сайын 111 мың адам әскери қызметке шақыру жасына толады, 16 500 адам әскерде қызмет етеді. Армияның иелігінде 150 танк, 438 БТР және БМП, 30 өзі жүретін қондырғылар, 159 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 21 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, 6 ұшақ, оның ішінде 4 жүк ұшағы және 6 тік ұшақ бар. Қырғызстанның қорғаныс бюджеті — 240 млн доллар.

Тәжікстанда әскери қызметке 3,2 млн адам жарамды, жыл сайын 152 мың адам әскерге шақыру жасына жетеді, армияның сандық құрамы — 6 мың адам. Елде 37 танк, 46 БТР және БМП, 0 өзі жүретін қондырғы, 10 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 3 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, 25 ұшақ, 15 жүк ұшақтары, сондай-ақ 20 тікұшақ бар.

Тәжікстанның қорғаныс бюджеті — 75 млн доллар, әскери қызметке жарамды халықтың саны — 2,255 миллион, жыл сайын 110 мың адам әскери қызметке шақыру жасына толады, 122 мың адам әскерде қызмет етеді.

Армияда 712 танк, 1941 БТР және БМП, 68 өзі жүретін қондырғы, 269 бірлік сүйрелмелі артиллерия, 110 дүркіндетіп ататын реактивтік жүйелер, 63 ұшақ, оның ішінде 24 тосқауылшы/истребитель және 18 жүк ұшағы, сондай-ақ 16 тікұшақ бар.

Түркіменстанның қорғаныс бюджеті 200 млн долларды құрайды. Төрткүл әлем бойынша алғашқы үш орынға АҚШ, Ресей және Қытай орналасса, соңғы үш орынға Мали, Мозамбик, Сомали жайғасқан көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1089302-ortalyq-aziyadaghy-enh-myqty-askeri-qaru/