RU

Өзбекстан Қазақстанда сотталған өзбек азаматтарының бірде-біреуін қабыл алмаған

Өзбекстан билігі Қазақстан Бас прокуратурасының сотталған өзбекстандықтарды отанына қайтарып алу жөніндегі сұрауына оң жауап бермей келеді деп жазады sn.kz.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 643 өзбек азаматы жазасын өтеп жатыр деп жазады "Орта Азия жаңалықтар қызметі".

"Бізге Өзбекстан азаматтарынан сотталғандарды елдеріне қайтару жөнінде өте көп өтініш түседі, бірақ өкінішке қарай бұл тек бізге байланысты емес, қабылдаушы тарапқа байланысты. Біз келген хаттардың барлығын Өзбекстанға жібереміз. Алайда оң жауап алмаймыз", – дейді Қазақстан бас прокуратурасының бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Бүгінде Қазақстанда 1,5 мың шетел азаматы (1 509) жазасын өтеп жатыр. Олардың 643 -і Өзбекстан және 320-сы Қырғызстан азаматы.

Меркелдің сөзінше, соңғы жылдары Қырғызстанға 26 сотталушыны қайтарған, ал Өзбекстан бірде-біреуін қабыл алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1094417-ozbekstan-qazaqstanda-sottalghan-ozb/