Қазақстандық кеденшілер Қытайдан елге келе жатқан қарияның $10 мыңын алып қойған
Опубликовано:
Қазақстан-Қытай шекарасында қазақстандық кеденшілер елге келе жатқан қарияның ақшасын алып қойғаны туралы хабар тарады деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Аталған оқиға туралы Facebook әлеуметтік желісінде Гүлісхан Домалайқызы деген қолданушы дабыл қақты деп жазады басылым.
«Құрметті достар, заңгерлермен зиялы қауым өкілдері, мына бір жағдайға қандай кеңес бере аласыздар? ҚХР-дан жасы алпысты алқымдаған шал мен кемпір қазақ еліне келе жатқан мақсаты осындағы ұлына жер сатып әпермекші. Шалдың жанында 10 мың доллар және 200000 теңге ақша болған. Біздің кеденшілер яғни Берік деген азамат қарияны келесі бөлмеге шақырып алып, ақшасын тәркілеген. Айтқан уәжі – шетелден әкеле жатқан ақшаға декларация толтырмадың деген сылтау. Қазірге дейін он неше күн болса да, шал ақшасын қайтып ала алмаған. Ендеше бұл ақшаны қандай жолмен қайтарып алуға болады? Кемпірі екеуінің 10 мың доллар кеденнен алып өтуге шыныменде қақысы жоқ па? Жасы жер ортасына келген ақсамайлы ана мен ақ сақалды әкелеріміз еліне ұрпағын жеткіземін деп келіп, кеденде тақырға отырған», - деп жазады ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1094441-qazaqstandyq-kedenshiler-qytaydan-el/