RU

Қарағанды облысында полковник сарбазды граната жарылысынан өз денесімен жауып құтқарды

ІІД Ұлттық гвардия басшылығы граната жарылысы кезінде сарбазды өз денесімен жауып, құтқарып қалған штаб басшысын мемлекеттік марапатқа ұсынбақ деп хабарлайды NUR.KZ порталы Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала тергеу оқу-жаттығу жиыны кезінде гранатаны лақтыруы тиіс болған № 6505  әскери бөлімінің жедел қызмет сарбазы Абзал Сұлтанкұлов РГД-5 гранатасын тым жақын қашықтыққа лақтырғанын анықтады. Жерге құлаған жарылғыш құрылғы іске қосылған.

"Полковник Қайрат Үмбетов өмірін қатерге тіге отырып, бірден сарбазға қарай жүгірген. Ол өз денесімен сарбазды жауып үлгеріп, жігітті аман алып қалған", - дейді Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.

Қазір полковник пен қатардағы сарбаздың жағдайлары бірқалыпты. Олар айтарлықтай ауыр жарақаттанбаған.

Еске салсақ, 7 сәуір күні сағат күндізгі 11-де Қарағанды облысы Қарабас ауылында полигондағы оқу-жаттығу жиыны кезінде әскери граната жарылды. Салдарынан екі әскери адам жарақат алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1094748-qaraghandy-oblysynda-ulttyq-gvardiya-p/