Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жоғалып кеткен кемтар баланы неміс овчаркасы тауып алды

Опубликовано:

Аутизммен ауыратын жасөспірімді павлодардық полицейлерге Уллис атты қызметтік ит табуға көмектесті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке Павлодар облысы ІІД ювеналдық полициясының басшысы Бибігүл Қамзина мәлім етті.

"Полицияға жасөспірімнің анасы жолықты. Жасөспірім 16 жаста болса да қоршаған ортаны әлі толық танып білмеген. Өйткені «өзінің жеке әлемінде» өмір сүретін жеткіншекті анасы үйді таба алмайды деп қатты алаңдаған. Іздестіру жұмыстарына кинология орталығынан қызметтік неміс овчаркасы тартылды. Уллис баланың ізіне түсіп, оны үйдің қасындағы сауда орталығынан тапты", - деді Бибігүл Қамзина.

Естеріңізге сала кетсек, Уллис осы жылы қаңтар айында кіші инспектор Нияз Уалиевтің жетекшілігімен алаңда ойнап жүріп, жоғалып кеткен алты жасар баланы таауып алуға көмектескен.

Бұдан басқа, қызметтік иттер полицейлерге жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресуге зор септігін тигізеді. Статистика бойынша соңғы 10 жылда олардың саны 3,6-ға қысқарып, 568 қылмыстық істен 157-ге дейін азайған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1094908-pavlodarda-zhoghalyp-ketken-kemtar-bal/