"Эмоцияға берілген" Қарағұсова айтқан сөздерінен бас тартпайтынын мәлімдеді
Опубликовано:
Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова қоғамда дау тудырған "Пекин Палас" қонақүйінде бірқатар әріптестері уақытша тұрып жатқаны туралы айтқан пікіріне қатысты Today.kz тілшісіне сұхбат берді.
"Парламенттің шаруашылық басқармасы 29 мың теңге екенін көрсетті. Қазақстандықтардың қандай пікірде болғанын білмеймін (Қарақұсованың кешегі айтқанына байланысты), өйткені уақытым жоқ. Бізде жұмыс қауырт және жауапты жұмыс", - дейді Қарақұсова.
Депутаттың пікірінше, "қазіргі кезде әлеуметтік желілер, соның ішінде Facebook ақпаратты бұрмалау мен ішінен бір бөлігін ғана жұлып алу арқылы қоғамда шиеленіс тудырудың құралы болып барады". Қарақұсова "тіл тигізу – қару емес, әлсіздіктің белгісі", екендігін айтады.
"Айтқан сөзімнен бас тартпаймын. Мен тек өзімнің эмоцияға беріліп кеткеніме өкінем. Мен барлығын дұрыс айтқанмын. "Қалай жұмыс атақарады" емес, "қайда жұмыс атқарады". Бір сөзді ауыстырып жіберген. Адам қайда жұмыс істейді. Депутат та үкіметтің айнасы екендігін тағы да айтамын", - дейді ол.
Ол өзінің қарапайым отбасынан шыққанын және алдымен министр, кейін депутат болғаннан кейін, өзінің халыққа қызмет ететіндігін еш уақытта ұмытпағанын айтады.
"Жасағандары алдынан келер, басқа не айтам. Ендігіде мен жеке журналиспен ғана тілдесемін. Болды", - деп қорытындылады Қарақұсова.
Еске сала кетсек, Қаржы және мемлекеттік бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова депутаттардың неге "Пекин Палас" қонақүйінде орналасқанын түсіндіргені әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Осыдан бұрын, мәжіліс депутаттарының елордадағы ең қымбат қонақүйлердің біріне жайғасқанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1095710-emociyagha-berilgen-qaraghusova-aytqan/