Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік экзорцист жындардан қалай қорғануға болатынын айтты

Опубликовано:

Ақтөбелік экзорцист Сансызбай Ибадуллаев жындардан қалай қорғануға болатынын "Экспресс К" басылымына айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Маманның айтуынша, жын-шайтандар үнемі адамның ішіне қонудың амалын іздейді екен. Ішкі әскерлердің бұрынғы майоры Ибадуллаев 9 жыл бойы жынды қуумен қалай айналысып келетінін баяндады.

Жақында басылымның редакциясына 44 жастағы ұлының тағдырына алаңдаған ана хабарласты. Кейуананың сөзіне сенсек, күні бойы компьютерден көз алмайтын ұлына жын кіріп кеткен.

"Жұмыс істемейді, компьютерден тұрғысы келмейді. Оған тылсым құбыжық кіріп алғандай. Біз Құранның сүрелерін оқи бастасақ, ол бөлмесіне қамалып, адамға тән емес дыбыстармен айқайлай бастайды. Адамдармен араласудан қалды. Психиатрға жүгінген едік, ұлымды "шизофрения" диагнозымен есепке алды", - дейді тұрғын.

Осы орайда, өңірде танымал болып үлгерген экзорцист Сансызбай Ибадуллаевтан тілшілер шизофренияға шалдыққан адам мен жын кірген адамды қалай ажыртуға болатынын сұрады.

"Оларды ажыратуға болады. Мен оны оңай ажырата аламын. Мәселен, адамды трансқа енгізіп, тексеремін. Жын кірген болса, ол өзгенің дауысымен сөйлей бастайды. Кей кездері науқас бейтаныс тілде сөйлеп кетеді. Жындар экзорцистті алдауға тырысады, кейбірі менен қорқады. Бір рет мен жынды тек бір сеанста қуып жібере алдым. Себебі ол менен қорықты. Алайда көбіне бірнеше сеанс керек болады. Жынды қуа алмаған кезім болған емес. Экзорцист үшін ең бастысы адамға жынның қалай кіргенін анықтау", - дейді ол.

– Жын адамға қалай кіреді?

– Хадистердің бірінде қиямет күні жақындаған сайын жындар адамға жиі кіре бастайды делінген. Ашу, ыза, қорқыныш, ішімдік, тіпті қатты қуану да жынның адамға кіруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар, магиямен айналыстан адамдар да жиі жынның құрбанына айналады. Бұл орайда ақ магия ма, қария магия ма маңызы жоқ, біреуге қарғыс жаудырғандар да жынның жетегімен кетеді.

Жындардан қалай қорғануға болады?

– Кемінде Құранның бір аятын білу керек. Жындар дұға оқитын адамдардан қорқады, сол себепті олардан аулақ болуға тырысады. Дұға қылу - бізге Жаратқан иенің берген ең үлкен қорғаны. Жыннан адам емес, керісінше жын адамнан қорқуы тиіс.

– Жындар қандай болып келеді? Олар аруақтар ма?

– Аруақтар адам денесіне ене алмайды. Бұл мүмкін емес. Әңгіме адам пайда болмай тұрып пайда болған мақұлықтарда болып тұр. Алланың қалауымен олар адамды сынайды. Мен жындармен сөйлескенде, олар маған солай деді. Жындар әр түрлі кейіпке ене алады. Адамды қорқытқысы келсе құбыжық кейпіне енеді. Кейбірі жынды жаунар кейпінде көреді.

Желіде Рустам-аға деген атпен танымал өзге шымкенттік экзорцист туралы да ақпарат тарап кеткен. YouTube желісіне жүктелген роликте ол жас жігіттің денесінен жынды шығарып әлек болып жатады. Жын қонған азамат әйелдің дауысымен айқайлауға кіріскен.

Ескертпе: Жүйкесі жұқа немесе жүрегі әлсіз адамдарға қарауға кеңес бермейміз

Белгілі болғандай оған әйел жын кіріп кеткен екен. Кейбірі жынның әйелі де ері де бір адамға кірсе, олар көбейе бастауы мүмкін деген әңгімелер айтуда.

Теологтар қиямет күні жындардың да адамдармен бірге сұраққа алынатынын айтады.

Алан Исаевтың материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1097142-aqtobelik-ekzorcist-zhyndardan-qalay/

pixel