Жол жүру билетіндегі құшақтасқан жастардың фотосы көкшетаулықтардың ашуын келтірді (фото)
Опубликовано:
Көкшетау тұрғындары құшақтасқан жастардың фотосы салынған жол жүру билетін көріп, жағаларын ұстады. Елдің ашуын келтірген сәуір айының жол жүру билетін кім ойлап тапқанын NUR.KZ тілшісі анықтауға тырысты.
Тұрғындардың бірі Александр Г. жол жүру билетінің фотосын желіге жүктеп, оны жасап шығарғандарды педофилияны насихаттады деп айыптады. Оның артынша, өзге тұрғындар да билеттің дизайнына қатысты реніштерін білдірді.
Бірі фотода жігіт емес екі бойжеткен құшақтасып тұрғанына сенімді болып, билеттен дәстүрлі емес сексуалды өмір сүретіндердің насихатын көрген. Ал енді бірі бойжеткен 18 жаста болса, жігіт тым жас көрінетінін және билеттің кәмелетке толмағандарды азғындайтынын алға тартқан.
Дегенмен, ғашық жастарды көрсеткенде тұрған ештеңе жоқ деп санайтындар да табылды. Олар мұны 15 сәуірдегі "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" күніне орай жасалған дизайн ретінде қабылдаған.
«Жолаушылар тасымалы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Рүстем Қалишев болса, дизайнға кінәлі еместігін және ешқандай шара қолдана алмайтынын айтты.
«Енді қайтейік? Сәуір өтеді, билеттерді лақтырып тастайды. Ұнатпасаңыз сатып алмаңыз. Бұл жерде мен не істей аламын? Мұны ойлап тапқан - дизайнерлер. Көктем деп осылай еткен», - дейді Қалишев.
"Ал дизайнды кім ойлап тапты" деген сауалға төраға "тапсырыс Мәскеуде орындалады" деп жауап берді. Ол фирманың атын коммерциялық құпия деп атаудан бас тартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1098747-zhol-zhuru-biletindegi-zhastardynh-suyis/