Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2 апта бойы қонақүйде тұрған депутаттарға қанша шығын кетті?

Опубликовано:

Жаңадан сайланған депутаттар екі апта бойы Астанадағы  "Пекин  палас" қонақүйінде тұрған болатын. Бүгін халық қалаулыларының қымбат қонақүйге тұруына кеткен қаражат көлемі жарияланды.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған  NUR.KZ хабарлайды.

Парламенттің шаруашылық басқармасы 31 депутаттың қонақ үйде жатқан 2 апталық шығын сомасын да ресми жариялады.

Ол дерекке қарағанда, екі аптада депутаттар жатын орнына 8 миллион теңгеден астам мемлекет қаржысы шығындалыпты.

Естеріңізде болса, депуаттардың қымбат қонақүйге орналасуы қоғамда қызу пікірталас тудырған болатын. Осыдан соң, қонақүйге жайғасқан халық қалаулылары қызметтік пәтерлеріне көшіп кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1099351-2-apta-boyy-qonaquyde-turghan-deputatta/