Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әр сөйлемін "дегенмен" аяқтайтын әкім тілшілердің назарына ілікті

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі Аязбай Османғалиев әр сөйлемін «деген» көмекші етістігімен аяқтап, тілшілердің назарына ілікті деп хабарлайды Bnews.kz.

Ол мектепте орысша білім алғанын, әскер қатарында, жұмыста қазақ тіліне деген қажеттілік болмағанын алға тартты. Әкім тіл үйрену үшін әдеби кітаптарды емес, газеттерді парақтайды екен. Бұл туралы баспасөз мәслихатында өзі айтып берді.

«Біздер жиналысты қазақша өткіземіз», - деген аудан әкімі Аязбай Османғалиев әпсәтте ойын өзгертті.

«Қазақша, кейін орысша аудармау үшін бір тілде - орыс тілінде сөйлеймін. Тіл сындыру үшін газеттеріміз бар оқитын. Күнде оқып отырамын. Дегенмен "Қазақстан", "Ана тілі" газеттерін аламын. Мен мектепке барғанда орысша оқыдым, әскерде 2 жыл орысша сөйледік, 5 жыл институтта орысша білім алдық. Ауылда жұмыс істегенде бәрі орысша болды. Тек 90-жылдардан бастап қазақ тілінде жұмыс істей бастадық. Бірінші оқыған газетім – "Ана тілі", - деді аудан әкімі Османғалиев.

Айта кетсек, әкім баспасөз мәслихатында жүкті келіншекпен керіскені үшін ол қылығынан ұялмайтынын да айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1099513-qazaq-tiline-shorqaq-khromtau-audanyny/