Парламентте депутаттар үшін 11 мың шөлмек арақ-шарапқа тапсырыс берілген
Опубликовано:
Парламенттің шаруашылық басқармасы соңғы кезде ақылға қонбайтын әрекеттерімен жұртты таң қалдырудан жалықпай келеді деп жазады skifnews.kz.
"ҚР парламенті шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы" алкогольді өнімдер нарығын зерттеп, спирттік ішімдіктер сатумен айналысатын компанияларға өздерімен байланысуды сұрады. Республикалық мемлекеттік мекеме 11 мың шөлмек виски, коньяк және арақ сатып алуды жоспарлап отырған көрінеді. Алайда, ол үшін қанша қаражат жұмсайтынын көрсетпеген.
Айта кетейік, парламенттің шаруашылық бөлімі бұған дейін Мәжіліске жаңа сайланған депутаттарды Астанадағы 5 жұлдызды қонақ үйге орналастырамын деп басы дауда қалған болатын. Кейін депутаттарға арналған қызметтік пәтерлердің жиһаздарын жаңартамын деп тағы да жұртшылықтың наразылығын тудырды.
Ал, бұдан біраз уақыт бұрын астаналық тігіншілердің бірі осы депутаттардың үйіне 25 миллион теңгеге перде тігіп беріп, парламенттен ақшасын ала алмай жүргенін мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1100765-parlamentte-deputattar-ushin-11-sholmek/