RU

ОҚО-да жұмыссыз тұрғындар арыз жазып, ақша бопсалауды кәсіп еткен (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер жергілікті кәсіпкерлерді бопсалап, ақша талап еткен Түркістан қаласының үш тұрғынын құрықтады деп хабарлайды ОҚО-ның ІІД.

ОҚО-ның ІІД-не Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Түркістан қаласының екі тұрғыны белгісіз тұлғалардың жеке кәсіпкерліктеріне зиян келтіреміз деп бопсалағаны туралы шағымданған.

ОҚО-ның ІІД мен ҰҚҚКБ-ның қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шара барысында қолма-қол 50 мың АҚШ долларын алу кезінде күдікті ретінде 1953, 1956,1959 жылғы Түркістан қаласының жұмыссыз үш тұрғынын ұстады.

Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктілерден 50 мың АҚШ долларын тәркіледі.

Полицейлердің анықтауы бойынша, күдіктілер жәбірленушілер үстінен жеке кәсіпкерліктеріне зиян келтіру мақсатында негізсіз түрлі айыптармен құқық қорғау органдарына, әкімшілікке арызданып, олардан 50 мың АҚШ долларын талап етіп, ақша бермеген жағдайда арыздарын тоқтатпайтынын айтқан.

Қазіргі таңда аталған жайт негізінде Қылмыстық кодекстің 194-бабымен «Қорқытып алу» қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1101260-oqo-da-zhumyssyz-egde-zhastaghy-er-adamda/