Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15-сәуір "Қозы көрпеш-Баян сұлу" ғашықтар күнін тойлаған дұрыс па?

Опубликовано:

Cоңғы уақытта елімізде 15 сәуірде «Қозы көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күні аталып өтіп жүр. Бұл күнді тойлау қаншалықты дұрыс деген сауалға islam.kz порталында дінтанушы Абдусамат Қасым жауап берді.

«Ғашықтық, махаббат, біреуді сүйіп қалу – ол, көңіл мәселесі, адам табиғатында бар құбылыс. Тіпті, Құран Кәрімде: «وَجَعَلَ بَيْنَكُمْ مَوَدَّةً وَرَحْمَةً – Алла сендердің араларыңа сүйіспеншілік пен мейірімділік салып қойды»[1], - дей келе ерлі-зайыптылардың арасындағы махаббат пен мейірімділікті анық білдірген. Және мейірімсіз махаббаттың болмайтындығын да аталмыш аяттан түсінуге болады", - дейді дінтанушы.

(Аяттың арапша мәтініндегі «Жәъалә» етістігі – жарату, орнықтыру, салып қою деген мағыналарда қолданылады).

Абдусамат Қасымның айтуынша, ғашықтар күнін насихаттау «суицидтің» артуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

"Ендігі жерде, «ғашықтар күні» дейтін нәрсе шариғатта жоқ. Оны халық арасында насихаттап, айрықша күн ретінде атап өтудің де зәрулігі шамалы. Неге десеңіз, біріншіден, ғашықтықты насихаттауға адамдар мұқтаж емес. Екіншіден, «Қозы көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпостық жырында екі жастың арасындағы махаббаттың немен аяқталғаны бәріне белгілі. Сондықтан да, ондай нәрселерді көптеп насихаттау – жастар арасында  махаббат жолында құрбан болуды, дәлірек айтқанда, «суицидті» арттыра ма деген қауіп бар. Үшіншіден, ғашықтар күнін желеулетіп көптеген жастар түрлі ауыр күнәларға баратыны да жасырын емес. Және бұл соңғы жылдары еліміздің жастары атап өтуді әдетке айналдырып бара жатқан «Валентин» күніне еліктеушілік болып табылады. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!», - деді дінтаушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1102213-15-sauir-qozy-korpesh-bayan-sulu-ghashyqtar/