Бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады
Опубликовано:
18 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, желдің күшеюі, тұман күтіледі.
Тек Қазақстанның солтүстігінде және шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді, күндіз жел 17-22 м/с күшейеді, Алакөл ауданында жел екпіні 28 м/с .
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.
Атырау, Қостанай, Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-22 м/с күшейеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1103682-bugin-el-aumaghynynh-basym-boliginde-ku/