RU

Мейрамханаға "Мерседеспен" кірген жас жұбайлар күлкіге қалды

Тамадасы "гироборд" атты құрылғыны басқарып, ал жас жұбайлар мейрамханаға "Мерседеспен" кірген той жұрттың күлкісіне қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ztb_kz Instagram-аккаунтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көліктің мемлекеттік нөміріне қарағанда, той Атырауда өткен деп топшылауға болады.

Желі қолданушылары тойдан видеоны көріп, жас жұбайлардың әрекетін "талғамсыз мақтаншақтыққа" теңеген. Олар жас жұбайларға бұлай ақша шашқанша, қайырымдылыққа ден қойып, артылған қаражаттарын балалар үйіне сыйлауға кеңес берді.

"Бірден камазбен кірулері керек еді", - дейді пікір қалдырушылардың бірі.

"Ішегім қатқанша күлдім, бұл қазақ тойы", - деп жазған өзге шетелдік азамат видеоны достарына да жолдаған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1106667-toyynda-kafege-mersedespen-kirgen-zha/