Өскеменде 14 жастағы ұл бала із-түссіз жоғалып кетті
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде 20 сәуір күні Өскеменнің Прапорщиково ауылындағы мектептен қайтуы тиіс болған 14 жастағы Медет Маратовтың табылмай жатқандығы туралы жазба пайда болды. Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Жеткіншектің анасы ұлының мектептен ешуақытта ескертусіз кеш қайтпайтынын айтуда. Мектеп ауласында достарымен футбол ойнайтын күндері ол міндетті түрде кешігетінін ескертіп тұратын дейді қапалы ана.
Туған-туыстары мен таныстары Медеттің сыныптастары айтқан мәліметтен кейін дабыл қағып отыр. Себебі, оқушылар оның белгісіз қызыл көліктің жүргізушісімен сабақтан кейін сөйлесіп тұрғанын көрген.
Медеттің ол көлікке отырған-отырмағаны белгісіз. Алайда мектептен шыққаннан кейін оның қайда бет алғанын ешкім көрмеген.
Жеткіншектің жақындары Медет туралы қандай да бір ақпарат бере алатындардан келесі нөмір арқылы байланысуларын сұрайды: +7 701 607 5240.
Ольга Пинэко-Скворцованың материалынан аударылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1107734-oskemende-14-zhastaghy-ul-bala-iz-tussiz-zh/