ШҚО-да полицейлер 14 жастағы оқушыны өлтірді деген күдікпен сыныптас қызды қамауға алды

Опубликовано:

ШҚО-да 14 жастағы Медет Маратовты өлтірді деген күдікпен сыныптас қыз бала қамауға алынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлердің болжамына сәйкес, кәмелетке толмаған қыз бала 14 жастағы Прапорщиково ауылының тұрғыны Медет Маратовқа көптеген пышақ жарақаттарын салған. Медеттің достары жақында оның сыныптас қыз баламен сөзге келгенін баяндады.

Ал күдікті қыз бала болса, бүгінде өз кінәсін мойындап отыр.

"Жедел іздестіру шаралары барысында Медет Маратовты өлтірді деген күдікпен кәмелетке толмаған Прапорщиково аулының азаматшасы құрықталды. Қылмыстың мән-жайы анықталуда. Қыз бала өз кінәсін мойындап отыр", - дейді ШҚО Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Ал Медеттің сыныптастары қылмысқа өзге күдіктінің қатысы бар болуы мүмкін екенін алға тартты. Олардың ойынша, жасөспірімді ренжіген қыз балаға болысу үшін оның досы аяусыз өлтірген болуы мүмкін.

Еске салсақ, 20 сәуір күні Медет Маратов мектептен шығып, үйіне орамаған болатын. Бір тәуліктен кейін оқушының мәйіті табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1110979-shqo-da-policeyler-14-zhastaghy-oqushyny-olt/