Халықпен тілдесу үшін Кентау әкімі ескі автобусқа отырып алып, қаланы аралады

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қаланы қоғамдық автокөлікпен аралап, тұрғындармен тілдесіп жүр деп хабарлайды Корреспондент басылымы.

Басшы бұл жұмысын аптасына бір рет жүргізіп отыруды жоспарлаған. Айтуынша, мән-жайды өз көзімен көріп, халықпен тілдесу - біріншіден, көтерілген мәселені өз көзімен көруіне септігін тигізсе, екіншіден, халықтың билікке деген сенімінің артуына себеп болады. Бұл жоспар сәтімен орындалуда.

Кезекті сапары барысында шаһар басшысы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен тілдесіп, қандай мәселе мазалайды деп жөн сұрады. Бірі жол мәселесі десе, енді бірі балалар ойын алаңшасының реттелгенін, сонымен қатар жоғарғы қабатта тұратын кейбір үйлердің шатырынан су кетеді екен.

Айтылған тұрғын үйлердің барлығы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында реттелетін болады. Сондай-ақ қала басшысы қалалық ТҮКШ және АЖ бөлімінің басшысына қаладағы барлық балалар ойын алаңшасын жөнге келтіріп, көше жолдары мен көше атаулары жазылған белгілерді де реттеуді тапсырды.

Ал «Жасыл Кентау», «Тазалық Кентау» мекемелеріне өз жұмыстарына салғырт қарамай қаланың тазалығын сақтап, көгалдандыру жүйесін жолға қойып қарқынды жұмыс жасауды жүктеді. Берілген тапсырмалар қатаң бақылауда тұратынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1111516-kentaudynh-akimi-apta-sayyn-qalany-esk/