Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да жас келін сиыр сауу құпияларымен бөлісті

Опубликовано:

Оңтүстікқазақстандық келін әрі Отырар ауданындағы сүт сауыншысы Жанар Құлым NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісіне сиыр сауудың құпияларымен бөлісті.

Көп қыздар ауылды жерге тұрмысқа шығуды кәдімгідей үрей санап, есіктің алдын сыпырып, ошаққа тамақ пісіруің керек, нан жауып, бастысы сиыр сауу қажет деп жатады.

Осы орайда, сиыр саууды бесіншін сыныпта оқып жүрген кезінде үйренген 33 жастағы Жанар өз шеберлігімен бөлісті. Жанар - Отырар ауданына қарасты Отырар ауылының тумасы. Сол аудандағы Көкмардан ауылына келін болып түскен. Ақ босаға аттағанына екі жылдан асқан ол бүгінде бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

Үйіндегі бес сиырды сауу жас келіннің мойнында. Жанар күн сайын қорасындағы сиырларынан тәулігіне 15 литр сүт алады. Күніне екі рет, яғни таңғы сағат алты мен түстен кейін төрттерде сауады.

Жанар сиыр сауарда бастысы сенімділік қажет дегенді алға тартты. Себебі сиыр сауыншының үркіп тұрғанын байқап қалуы мүмкін. Онымен қоса қораны таза ұстап, сиыр емшегін үнемі тазалап отыру – сауатын сүттің сапасына тікелей әсер етеді дейді. Бастысы, сиырды таңертең және кешкі уақытта жайылымға шығарып, ал аптап ыстықта көлеңкеде ұстау керек. Әйтпесе, іштегі сүт бұзылып кетуі мүмкін.

Жанар Құлым еңбек ететін ет пен сүт өнімдерін өңдейтін селолық тұтынушылар кооперативінде тазалық шараларымен өзге қызметкерлер айналысады. Сауыншы жеке басының тазалығына жауап береді. Саумас бұрын шелекті тазалап жуып, таза сумен сиыр емшектерін бір сулап шығады. Мұнан соң сауын процесі басталады. Бір сиырға 3-4 минут уақыт кетеді.

«Мен өзім, тәжірибем болғандықтан тез саууға тырысамын. Қолым әбден үйреніп қалған. Ал алғаш рет сауатындар 10-15 минутқа дейін созып отыруы мүмкін. Алғаш сауған кезде сауыншының қолы үйренгенше саусақтары күстеніп, жарылуы мүмкін. Бірақ, жиі емес. Ал «сиыр сауу қолымнан келмейді» дейтіндері жай сылтау деп ойлаймын. Себебі, адамның жасағанын келесі адам жасай алады», - дейді Жанар Құлым.

«Сиыр сауарда саусақты сулап, кейін сүтке малып отырамыз. Себебі құрғақ саусақ емшегін тартқан сайын сиырдың жанына батуы мүмкін. Сауарда бас бармақ жоғарыда, сұқ саусақ төмен қарап жұмыс жасайды. Саусақты қысыңқырап (қатты емес) емшекті тартып отырасыз. Түк қиындығы жоқ», - деп жалғастырды сауыншы.

Тек сиыр асау болса, оны саууда біршама кедергілер орын алады. Ондай сәтте аяғы мен мүйізін байлап қоюға тура келеді. Ерекше айта кетерлігі, көп жағдайда сиыр сауыншыға үйренісіп қалады.

Сондай сәттерде өзге сауыншы бұған дейін сиырды сауып келген адамның халаты мен орамалын тағу секілді айлаларға барады екен. Жас келін кейде үйде болмаса, сиырларын көршісі сауып береді. Өйткені оның сиырлары қолға әбден үйренген, мінезді емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1112687-oqo-da-zhas-kelin-siyr-sauu-qupiyalaryme/

pixel