Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған студенттің соңғы сәті камераға түсіп қалған

Опубликовано:

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде оқитын Санжарбек Арзиевті полиция қызметкерлері, туған-туысы және курстастары үшінші күннен бері іздеп таппай жатыр.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Университеттің бесінші курсында оқитын Санжарбек сәуірдің 29-нан 30-на қараған түні достарымен туған күнін тойлапты. Түнгі сағат 2 жарым шамасында Құрманғазы көшесі мен Есентай өзенінің қиылысқан тұсында көлікті тоқтатып, сыртқа шығып, сол күйі ұшты-күйлі жоғалған. Тек оның темір қоршаудан өзен аңғарына қарай құлап түскені жақын маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Бірақ өзен арнасын сүзіп шыққан сүңгуірлер онда адам денесін таба алмады.

Сөйтіп, аяқасты жоғалған студент не судан, не жерден табылмай жатыр. Полициядан бөлек, туған-туысы мен бірге оқитын курстастары үшінші күн қатарынан Санжарбекті іздеп бүкіл қаланы шарлап жүр.

Еске сала кетсек, Алматыда медициналық университеттің студенті жоғалып кеткені хабарланған еді.

Сонымен қатар оқыңыздар:

Маңғыстау құтқарушылары Каспийге батып кеткен ер адамды таба алмай жатыр

Ақтөбелік азамат 88 жастағы қарияны еш себепсіз ұрып өлтірген

Гималайда 17 жыл бұрын жоғалған альпинистің сүйегі табылды

Қазақстанда 13 жыл құлдықта болған қырғыз қызы азапты өмірі туралы баяндады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1118055-almatyda-zhumbaq-zhaghdayda-zhoghalghan-st/