Қазақстан мен АҚШ-та көшеде жағдайы нашарлаған адамға қалай көмектеседі?

Опубликовано:

Youtube желісіндегі Burn TV парақшасында қазақстандықтар мен америкалықтар көшеде жағдайы нашарлаған адамға қалай көмектесетінін көрсететін видео жүктелді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әлеуметтік тәжірибе жүргізген студенттер көшеде жүрегі қысылған адамның кейпін танытады.

"Сіз адамның көшеде аяқ асты жағдайы нашарлағынын көрсеңіз, не істейсіз? Біз бұл тәжірибе арқылы Қазақстан мен АҚШ-тың тұрғындары қаншалықты жанашыр екенін салыстырып көрдік", - дейді студенттер.

Тәжірибе барысында астаналықтар көмекке зәру адамға бей-жай қарамайтыны белгілі болды. Тұрғындар көмекке айналдырған 20 секундтың ішінде жетіп келіп отырған.

Ал АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жағдай өзгеше болып шықты. Ол жақта тұрғындар арасынан бір күн ішінде көмек көрсетуге әзір үш-ақ адам табылған.

2 мамыр күні жүктелген бұл видеоны 14 мыңға жуық адам тамашалаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1120288-qazaqstandyqtar-men-amerikalyqtar-k/