Бүкіл елді алаңдатқан Құралай атты жолбарыстың беті бері қарады

Опубликовано:

Өлім аузында жатқан Алматы зообағындағы Құралай атты жолбарыстың беті бері қарады. Ол аяғынан тұрып тамақтанды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Құралай жолбарысы (Алматы)" деген тақырыппен желіге жақында жүктелген видеодан өлім аузында жатқан жолбарыстың орнынан тұрғанын байқауға болады.

Жыртқыштың тамақтанып жатқан сәтін видеоға түсіріп тұрған азамат жолбарысты 1 мамыр күні бейнежазбаға түсірген.

Олар бұл видео жолбарыстың жағдайы оңалып келе жатқанына дәлел бола алады деп санайды.

Еске салсақ, Ресейлік ветеринар Алматы зообағындағы жолбарысты азаптан құтқару үшін оны өлтіруді ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1121407-bukil-eldi-alanhdattyrghan-almatydaghy/