Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмірбақи бас бостандығынан айыру жазасын алып тастады

Опубликовано:

Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмірбақи бас бостандығынан айыру жазасын алып тастады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

Бүгін есірткі заттарының контрабандасы  бойынша айыпталған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық ic бойынша Қытай Халық Республикасының Гуандун соты апелляциялық соттың шешімі жария етті.

«Сот Ақжарқын Тұрлыбайға бұрын тағайындалған өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы бірінші инстанциядағы сот шешімінің күшін жою және істі бірінші сатыдағы сотқа қайта қарауға жіберу туралы шешім шығарды. Гуандун сотының қаулысы шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды және дереу күшіне енеді», - делінген баспасөз баянында.

Шешімді жариялау отырысына Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің консулы Б. Сырлыбаев, адвокат С.Нұрмағамбетов және қытайлық адвокаттар Сяо Чжаньдэ мен Фэн Чжицзянь қатысқан.

Естеріңізге сала кетейік, 20 жастағы қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында 2014 жылғы наурызда ұсталған. Ақжарқын Тұрлыбайдың айтуынша, оған есірткіні клубта кездейсоқ танысқан адамдар салып жіберген. Қазақстандыққа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1122088-qytay-soty-aqzharqyn-turlybaygha-qatys/