Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Ұлы Жеңіс үшін барлық ардагерлерге басымызды иіп, рахмет айтамыз

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев барша соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

"Ежелден-ақ Отан қорғаушылар намыс пен айбардың, ерлік пен батылдықтың, патриотизм мен өз халқына қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болған. Қазақстандықтар өз өмірін бостандық пен тәуелсіздік үшін қиған қаһармандардың барлығының ерлігін жадында сақтап келеді. Аталар мен әкелердің жауынгерлік наградалары – қазақстандық отбасылар үшін баға жетпес жәдігер. Біздің күнтізбемізде Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы  Жеңіс күні мерекесінің қатар келуінің символдық мәні бар. Бұл біздің халқымыздың барлық буынының даңқты жауынгерлік дәстүрі сабақтастығын көрсетеді", – деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне айрықша алғыс айтты.

"Ұлы Жеңіс – біздің қаһармандық тарихымыз бен гитлерлік фашизмді тізе қосып еңсерген және талқандаған халықтар достығының символы. Сіздердің амандықтарыңыз үшін жасалып отырған қамқорлық – соғыстың ауыр жылдарында өздеріңізді құрбан еткендіктеріңіз үшін қазіргі ұрпақтың көрсеткен құрметінің бір бөлшегі ғана. Сіздердің жауынгерлік ерліктеріңізді Қазақстан жері ешқашан ұмытпайды. Жемісін бүгінде біздер, сіздердің балаларыңыз, көріп отырған Ұлы Жеңіс үшін, қаһармандықтарыңыз үшін барлық ардагерлерге басымызды иіп, рахмет айтамыз", – деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1123063-nazarbaev-uly-zhenhis-ushin-barlyq-ardag/