Алматы жұртшылығы "Мюзикола" тобының негізін салған Болат Сыздықовпен қоштасты

Опубликовано:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, музыкант, "Мюзикола" тобының гитарисі Болат Сыздықовпен қоштасу рәсімі Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филарморниясында өтті.

Филарморния ғимаратының алдында әртістің жақын достары, әріптестері және тыңдармандары жиналды. Музыкантты ақтық сапарға шығарып салуға танымал қайраткерлер, әртістер, әншілер келді. Олардың қатарында Карина Абдуллина, Ренат Гайсин, Асылбек Еңсепов, Жәмила Серкебаева, Парвиз Назаров, Бауыржан Шүкенов, Болат Әбілов және "Дос-Мұқасан" тобының мүшелері бар. Сонымен қатар, шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

" Бұл мезгілсіз қаза. Мен оны алғашқы жылы ғана білмеймін. Жұмыс барысында ұшырасып қалатынбыз. Алматы әкімі болғаннан кейін, Болат пен Карина маған келіп, өздерінің шығармашылық жоспарларымен бөліскен. Мен оны сыпайы керемет адам ретінде таныдым. Ол өте сезімтал жан болатын. Оңай жолды жүріп өткен жоқ. 16 жасынан бастап шығармашылықпен айналыса бастады. Көптеген шығармашылық ұжымдарда жұмыс істеді. Поэзиға, музыкаға деген махаббатының арқасында халықты шығармашылығымен қуанта білді. Менің ең жақсы көретін әнім - "Арман жолдар". Ол үнемі біздің жадымызда сақталады. Өткен жылы Батырхан Шүкенов өмірден озды. Оның өмір жолы ұзын болған жоқ, алайда өмірі жарқын болды. Өзімнің қайғымды жеткізгім келеді. Мен ойлаймын, Карина топтың шығармашылығын жалғастарыды", - деді Бауыржан Байбек.

Мәдениет және спорт министрлігің атынан вице-министр Ғалым Ахмедияров көңіл айтты. Сонымен қатар КСРО халық артисі Әлібек Дінішев те марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтты.

"Жақында мен оны көрдім: Ол сондай көңілді болды. Өзінің жоспарларымен бөлісті. Ол "Мюзикола" тобының концерті жөнінде сөйлесу үшін министрге қарай асығып бара жатты. Бүгін Бокешпен қоштасып, ауа райы да жылап тұр. Ол тік мінезді адам болатын. Тайсалу, бұлтару дегенді білмейтін. Ол соңғы кездері шығармашылық жағынан өзіне көңілі толмай жүрді. Қазақ эстрадасының қазіргі жағдайын қатты уайымдайтын. Ал бұл, нағыз музыканттарға тән қасиет! Бастысы ол керемет музыкант болды. Ол - гитараны шексіз сүйді. Мен оны қатты жақсы көретінмін және қатты қайғырамын", - деді Әлібек Дінішев.

"Қазақстан мәдниеті орны толмас қайғыға ұшырады. Ол бізге үлкен шығармашылық мұра қалдырды. Біз енді оны ұрпақтарға сақтайтын боламыз. Ол шынайы және ақкөңіл адам болатын. Жеке мен үшін ол - ең жақын дос, ең жақын туғаным болды. Қай жерге бармайын менен: "Болат қайда?" деп бірінші сұрайтын. Егер Болат болмаса, Қазақстанның эстрадасында Карина Абдуллина да болмас еді", - дейді Карина Абдуллина.

Өзінің сөзінен кейін әнші халықтан орындарынан тұрып, Болат Сыздықовқа қошемет көрсетіп, ақтық сапарға шығарып салуды сұрады.

Осыдан кейін бүгінгі азалы жиынға келген азаматтар орындарынан тік тұрып, ұзақ уақыт қол шапалақтады.

Еске сала кетсек, Мюзикола" тобының гитарисі Болат Сыздықов қаза болғанын жетінші мамыр күні музыканттың жақын досы әрі әріптесі Байғали Серкебаев мәлімдеген еді. Кейін оның өмірінің соңғы шағында денсаулығы сыр беріп жүргені белгілі болды.

Танымал қазақстандық гитарист, композитор, "А Студио" тобының бұрынғы қатысушысы және "Мюзикола" тобының әрлеушісі Болат Сыздықов 1956 жылы 21 маусымда Қарағандыда дүниеге келген. Ол балалық шағынан музыкамен айналысып, Александр Мажелянның ұстаздығымен джаз гитарасын меңгерген. 16 жасында Қарағанды филормониясына қабылданып, "Гәкку" ансамблімен бірге өнер көрсеткен.

1976 жылы Алматыға келіп “Гүлдер” ансамбілінде, "Арай" тобының құрамында еңбек етіп, Роза Рымбаевамен бірлесе жұмыстар атқарған. 1992 жылдан бастап Карина Абдуллинамен "Мюзикола" дуэтін құрып, танымал болды.

Ол 2012 жылы 5 желтоқсанда ел президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері" атанған.

Музыкант алпысқа қараған шағында көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1123415-almaty-zhurtshylyghy-myuzikola-tobynynh-g/