Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде тастанды нәрестені әжетханасынан тапқан тұрғын оны асырап алғысы келеді (фото, видео)

Опубликовано:

Ақтөбеде тастанды нәрестені өз әжетханасынан жақында тауып алған тұрғын оны асырап алуға ниет білдірді. Бұл туралы "Диапазонға" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Молдағали Орынбасаров үйіне жұмыстан түн жарымда бір-ақ қайтқан. Ол әжетханаға беттей бергенде нәрестенің жылағанын ести бастайды. Бастапқыда азамат оны күшіктің немесе марғаудың дауысы деп ойлаған.

"Мен үйге оралдым, қалта шамын алып әжетхананың шұңқырын қарадым. Дауыстың қайдан естіліп жатқаны түсініксіз болды. Сосын мен қолыма түтік алып сонымен іздей бастадым. Шұңқырда пакет жатты. Ол аздап қозғалды. Бірден пакетте тірі жан жатқанын ұқтым. Түтікпен оны алып шыға алмадым. Сыммен ілмек жасап сол арқылы пакетті алып шықтым", - дейді Орынбасаров.

Пакеттің ішінен жаңа туылған нәрестені тапқанда ер адам есеңгіреп қалған. Ол барлық көршілерін жинап, полиция мен жедел жәрдем шақыртты.

"Ештеңесіз жатты. Кіндігі де кесілмеген. Кім бұлай істеуі мүмкін екенін білмедік. Біздің тұрғындар емесі анық, мұнда бәрі бір-бірін жақсы танитындықтан, ешкім ондайға бармас еді", - дейді көршілердің бірі Нұржан.

Әжетхана жанында қан іздері байқалады, әйел дәл сол жерде босанған деген болжам бар. Орынбасаров тауып алған нәрестені асырап алғысы келеді. Өзінің туған алты баласы бар.

Нәрестені әзірге перинаталды орталыққа жайғастырған. Оның жағдайын дәрігерлер өз бақылауына алды.

"Қыз бала жаңа туылған, сап-сау", - дейді жедел жәрдем өкілі Дастан Неталиева.

Дәрігерлер нәресте шұңқырда кемінде бірнеше сағат жатқан деп топшылауда. Оны дер кезінде тауып алды. Сәл кешіккенде, үсіп қалуы ғажап емес болатын дейді КТК арнасы.

Салмағы үш келіден сәл асады, бойы 52 сантиметр. Дәрігерлер оған уақытша Мәншүк Мәметова деген есім берген.

"Жедел жәрдем дәрігерлері баланың кіндігін кесті. Нәрестенің дене температурасы 31,2 болды. 4 сағат ішінде температурасы қалыпқа келді", - дейді акушер-гинеколог Әлия Жанғалиева.

Орынбасаров бұл жерде 2000 жылдан бері тұрады. Енді ол үйін қоршау керектігін ойлана бастады. Өткен түнде әбден есеңгіреген азамат нәрестенің жылаған дауысы құлағынан әлі кетпей тұрғанын алға тартты.

Тағы да оқи алатыныңыз:

Ақтөбеде тағы бір көкек ана нәрестесін дәретханаға тастап кетті

Өмір бойына жындыханаға жабылған Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығады

Мұхтар Шаханов Жер туралы комиссияның құрамына енді

Зиялы қауым президентке ашық хат жолдап, білім саласындағы эксперименттерді тоқтатуды талап етті

"Панама құжаттарында" аты аталған қазақстандық бай-бағландар түсініктеме беріп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1126455-aqtobede-tastandy-naresteni-azhetkhan/